Әншілерге текст тасудан шаршадық

0

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай «Керек емес» бағдарламасының жүргізушісі Меруерт Түсіпбаеваға сұхбат берді.

Сұхбат кезінде журналистік қызметі, жеке өмірі, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Алғаш журналистикаға келгенде жүргізуші танымал әншілерге текст тасудан бастағанын,  ол кезеңнің қазір артта қалғанын, халық та шоудан шаршағанын айта кетті.

Көрермендер Гүлмира ханымды «Дау-дамайсыз» жобасы арқылы таниды. Әлеуметтік проблемаларды дау-дамайсыз шешуге көмектесетін жобаға күн сайын 1000-нан аса хаттар келеді екен.
«Аптасына бір-ақ рет шығатын бағдарлама болғандықтан, ең күрделі проблемаларды таңдауға тура келеді. Мысалы, зорлық-зомбылық көрген 10 әйелдің ішінде ең ауыр халде тұрғанын немесе көп балалыларды таңдаймыз» дейді.

Өткір тілді журналист болашақта саясатқа араласып, депутат болсам әйелдердің мәселелерін, «алимент» дауын, құжатсыздықты шешер едім дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:

Leave A Reply

Your email address will not be published.