Балалардың ең кішісі 2 жаста болған: АҚШ Кабулға жасаған шабуылынан бейбіт отбасы қаза тапқанын мойындады

0
Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан әскерлерінің шығару уақытынан бірнеше күн бұрын Кабулға жасалған дрон шабуылынан 10 жазықсыз адам қаза тапқанын мойындады,

Шабуылдан Замайри Акмади және отбасының тоғыз мүшесі қаза тапқан. Оның ішінде жеті бала бар. Олардың ең кішкентайы Сумайе небәрі екі жаста болған.
Шабуыл Кабул әуежайындағы лаңкестік шабуылдан бірнеше күн өткен соң, Талибан билікке тез оралғаннан кейін орын алған бейберекет эвакуацияның арасында болды.

Бұл АҚШ әскерінің Ауғанстандағы 20 жылдық әскери іс-қимылы аяқталғанға дейін болған соңғы операцияларының бірі.

АҚШ Орталық қолбасшылығының генералы Кеннет Маккензидің айтуынша, американдық барлау гуманитарлық ұйымы «Ислам мемлекеті» тобының жергілікті бөлімшесінің содырларымен байланысы бар деп есептеген көліктің соңынан 8 сағат бойы аңдыған.

Бір уақытта ұшу аппараты жарылғыш затқа ұқсайтын заттарды машинаның жүксалғышына тиеп жатқан адамдарды көреді. Кейінірек бұл суы бар контейнерлер екені белгілі болды.

Генерал Маккензи жасалған соққыны қайғылы қате деп атады.
Дрон көлік жүргізушісі Замайри Акмади әуежайдан 3 шақырымдағы үйіне жеткенде соққы жасайды. Екінші жасалған соққыдан кейін болған жарылысты американдықтар машинада шынымен жарылғыш заттар бар екендігінің дәлелі ретінде мәлімдеді.

Сумейе

 

АҚШ зымыранынан кінәсіз қаза тапқан 2 жасар Сумейе

Бірақ тергеу жұмыстарынан кейін, жарылыс көліктің жанында тұрған пропан цилиндрінің әсерінен болғанын көрсетті.

26 тамызда Кабулда әуежай маңында жанкешті жарылысынан 100-ден астам бейбіт тұрғын мен 13 американдық әскер қаза тапқаннан кейін АҚШ әскері жоғары дайындық режимінде болған. Әуежайға жасалған шабуылды «Ислам мемлекеті» өз жауапкершілігіне алған.

Америкалық зымыран дронынан қаза тапқандардың туыстары BBC-ге хабарлағандай, қайтыс болған отбасы АҚШ-қа эвакуацияға өтініш білдірген және әуежайға бару туралы ұсыныспен телефон қоңырауын күтіп отырған екен.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.