Жас мамандармен тәжірибесімен бөлісті

0

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің жас мамандары ҚАЖ саласының ардагерімен кездесті.

Жас мамандарды жұмысқа ынталандыру және тәлім тәрбиелік жұмыстарын атқару барысында мекеменің жас қызметкерлеріне Қуандық Қалжановпен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – жас қызметкерлерді патриоттық рухқа, жауапкершілікке баулу.

Жиында ҚАЖ саласында жемісті еңбек еткен ардагер өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.

«Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» дегендей өзі іргелі жұмыс жасаған бұл қызметтің ендігі үміті жас мамандарына шығармашылық шабыт, толайым табыс тілей отыра, зор сенім білдірді.

Кездесу барысында құрметті зейнеткерлікте жүрген Қуандық Бақытжанұлы қызмет атқарған уақытында күндіз, түнмен санаспай жұмыс атқарғандарын айтып өтті. Сонымен қатар жас мамандар аянбай еңбек етіп, заңдарды көп оқып, үнемі ізденісте жүру керектігі туралы кеңес берді.

Кездесу барысында сұрақтар қойылып, олар тарапынан тиімді жауаптар алынды. Осылай барлық қызықшылықтарымен бөлісіп, керемет сұқбат өрбіді. Кездесу соңында жас буын уақыттарын бөліп келгені үшін ардагерге алғыс білдірді.

Жалпы мұндай ерекше кездесулердің ҚАЖ саласына енді орналасқан жас мамандарға берері мол. Себебі,өздерінің қызметтері жайлы тірі аңыздардан мағлұматтар алып, оларды көзбен көріп, ардагерлермен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.