Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы

0

«Тазалық – табалдырықтанбасталады», демекшіқоршағанортаныңтазалығынажауапкершілікпенқарау – әрбіразаматтыңбастыміндеті. Тазалықтыжанынасерікеткенқұландықтар ерекше белсенділік танытуда.

Ауыл шырайын шұғылалы ету мақсатында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылдың күзгі екі айлық көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары өтуде.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, ауылдың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.


Атап өту қажет, жүргізілген сенбілік нәтижесінде ауданбойынша тазалық жұмыстарына 2450 адам, 23 техника жұмылдырылды. Тазартылғанаумақтарбойынша225 тонна тұрмыстыққалдық заттар мен күл-қоқыс шығарылды. Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

 

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.