Т.Рысқұлов ауданында 2 ауылдық округтің әкімі сайланады

0

Бүгін Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Луговой және Ақбұлақ ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде.

Сайлауға қатысуға жалпы 5 кандидат өтініш білдірген. Оның 4-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылып отыр.

Аталған екі ауылдық округте 6 сайлау учаскесінде жалпы 8528 дауыс беруші бар. Оның 6406-ы Луговой ауылдық округінде болса, қалған 2122-і Ақбұлақ ауылдық округінде.

Айта кететіні, сайлау барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтуде. Комиссия мүшелері толық вакцинадан өткен. Ал дауыс берушілерге арнап облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қазіргі таңда аталған ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өз дәрежесінде жалғасуда. Ауыл тұрғындары бұл саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

  Тастанбек Мөлдір

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.