«Шұғыла-Радуга» газетіне бас редактор тағайындалды

0

Жамбыл ауданы әкімі Сәкен Арубаевтың келісімімен Сұлтанбаев Нұрасыл Асқарұлы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.


Нұрасыл Асқарұлы 1988 жылы 23 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1995-2004 жылдар аралығында Үлгілі орта мектебінде білім алған. 2004-2008 жылдары Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, 2010-2013 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 2013 жылы Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде тілші болып бастаған. 2015 жылдан бері осы басылымның директоры-бас редакторының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы – 3 ұл өсіріп, тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.