Тойда тілек айтатын кез емес

0

Бүгінгі таңда Сарысу ауданындағы мониторингтік топ өкілдері де, дәрігер мамандар да ауруды таратпаудың бірден-бір жолы той өткізуді тоқтату екенін айтып отыр.
Кез-келген тез жұғатын дертке әуелі балалар мен созылмалы ауруы бар қарттар шалдығады. Сол себепті оларды халық көп жиналатын жерге жібермеу керек. Бұған қоса 200-500 адам жиналатын тойларды да шектеу керек. Сабыр сақтап, тазалық шараларын қатаң сақтаған жөн.
Дәл қазір терезесі тарс бүркелген тойханаға сырт көзге елеусіз саңылаудан сып етіп кіріп, «Қазақтың тойы бітпесін» деп сыбырлай тілек айтатын кез емес.
Қазіргі таңда көп адамдар кездескенде қол алысып, төс қағысып, құшақтасып, бір-бірінің беттерінен сүйіп жатады. Шама келсе, азаматтар осы әдеттен де арыла тұрғандары абзал.
Өзіміздің, жақынымыздың амандығы үшін ондай жасырын жиындарға барудан бас тартсақ, індеттің бетін қайтаруға қосқан үлесіміз болар еді.

Нұржан Нұралиев,

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.