Қазақстанда балаларды жоспарлы вакциналау туралы сайт іске қосылды

0

Қазақстанда алғаш рет бірыңғай ресми ресурс іске қосылды, онда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балаларға арналған вакциналар туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған.

Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп қажетті деректерді іріктеп, EGU.kz сайтының құрылымы, интерфейсі және контенті бойынша жұмыс істеген. Сайт ата-ана мен Қазақстандағы иммундау тақырыбына қызығушылық танытатындар үшін барынша қолайлы жасалған.

Ақпараттық ресурс ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның егжей-тегжейлі сипаттамасына қолжеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен таныса алады, қарсы көрсеткіштер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады.

Сайттан әрбір қазақстандық ата-ана аутизм вакцинасы туралы мифтің қалай пайда болғаны, неліктен балалар екпелерінде сынап жоқ екенін, сондай-ақ екпе орнын сулауға бола ма екенін біле алады. Ол вакцинация туралы мифтер тізімін және оларды жоққа шығаратын ақпаратты көре алады.

«Вакцинация мәселелері көбінесе жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының алаңдаушылығын тудырады. EGU.kz сайтының негізгі міндеті республикада вакциналар және егу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық және дұрыс ақпарат беру. Бұл платформа халықтың вакцинация саласындағы тәжірибелі мамандармен және ғалымдармен ашық және адал диалогына бағытталған, әркім сұрағына кәсіби және ғылыми негізделген жауап алуға мүмкіндігі бар», — деді Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Сайт қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа да бар.

«Вакцинация — бұл ата-ана үшін балаларын жұқпалы аурулар зардабынан қорғаудың жалғыз, тиімді және балама әдісі. Сайтта сіз вакцинация туралы дұрыс, негізделген және дәлелді ақпарат аласыз», — деді Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

EGU.kz-те ата-ана вакцинаның түрлері туралы ақпаратты таба алады, олардың қауіпсіздігін тексерудің барлық кезеңдері туралы біледі және оларды мазалаған сұрақтарға жауап алады. Сондай-ақ, сайт вакцинация тарихына қысқаша шолу жасайды және жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын көре алады. Болашақта ол балаларды жоспарлы вакциналау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылады.

Сайтта тұрғылықты жеріңізге жақын екпе орталығын табуға мүмкіндік беретін ыңғайлы карта бар. Баласына жоспарлы екпе салдыруды ұмытпау үшін ата-ана өздерінің электрон күнтізбесіне вакцинаны уақытында алу қажеттілігі туралы еске салуды қолдана алады.

«Біз бұл жобаның мүшесі болғанымызға қуаныштымыз. EGU.KZ сайты қазақстандық балалардың қауіпсіз және сау балалық шағы үшін ата-ананың таптырмас көмекшісіне айналады!» — деп түсіндірді MedSupport тобы.

Сайт ЮНИСЕФ Қазақстан мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесе отырып, иммундау жүйесін күшейту бағдарламасы аясында АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен әзірленген.

«Иммундеу өмірді құтқарып қана қоймайды, сонымен қатар балаларды, әйелдерді және отбасының өркендеуіне мүмкіндік береді. Бұл маңызды веб-сайтта берілген ақпарат адамдарға өздерін вакцина арқылы аурулардың қауіпінен қорғануға көмектеседі»,- деді USAID Орталық Азиядағы миссия директорының міндетін атқарушы Питер Янг.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметі туралы толық ақпаратты сайттан және FacebookInstagramTelegram әлеуметтік желілерінен алуға болады

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.