Шығыс Қазақстанда 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

0

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті.

 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше «102» жедел арнасына қоңырау шалған Долон ауылының тұрғыны қызының жоғалғанын жеткізді.

19 жастағы Наталья Пашкеева 3 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Қызды іздеуге волонтерлер де тартылған. Наталья Пашкееваның бойы 170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ақшыл сары. Жоғалған күні үстінде сұр жемпір, көк джинсы және ақ кроссовка болған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары бойжеткеннің қайда екендігін білетіндер болса «102» немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуын сұрайды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.