Ангела Меркель «Талибан» туралы мәлімдеме жасады

0

Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) келіссөз бастауға шақырды. Германия министрлер кабинетінің басшысы жексенбіде Хагенде (Солтүстік Рейн-Вестфалия) өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

«Талибанға (өкілдеріне — авт.ескерт.) келетін болсақ, әрине, олармен сөйлесуіміз керек. Өйткені қазір олармен істес болуға тура келеді», — деді Меркель.

Германия канцлерінің айтуынша, мұқтаж ауғандарды эвакуациялау үшін мұндай диалог қажет. Сонымен қатар, Меркель әуежайды ашу жақсы сигнал екенін айтты.

«Біз елден Германияның дамуымен байланысты ұйымдарда жұмыс істеген және қазір қауіп төнуі мүмкін адамдарды алып кеткіміз келеді», — деп қосты Германия үкіметінің басшысы.

Ол келіссөз Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Басылым мәліметінше, осы жазда су тасқынынан зардап шеккен Хагенге Меркельмен CDU/CSU блогынан бірге барған Германия канцлері лауазымына үміткер Армин Лашет те «Талибан» өкілдерімен келіссөздерді қолдайтынын білдірді.

Меркельдің түсініктемесі Welt am Sonntag газетінде жарияланғаннан кейін, онда қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид бұл топтың «Германиямен берік және ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келетінін» айтты.

Бұл ретте Ангела Меркель «Талибан» бақылауындағы Ауғанстанмен толық дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді қолдайтыны туралы ештеңе айтқан жоқ.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.