«Дін және Қоғам»

0

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Дінтазасын ой табар» атты оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Оқыту жұмыстарына ауданда дін саласында жұмыс жасайтын ауылдық округ мамандары, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатыстырылды.

Оқыту жұмыстарына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы-теолог магистр Аманбаев Ержан арнайы шақырылып дін саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында дінтанушы Е.Аманбаев қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, аудандағы дін саласындағы түрлі сұрақтармен, мәселелерге толығырақ тоқталық түсіндіріп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.