«4,5 сағат денесін жасырған»: Шымкент тұрғыны ағасының өліміне жамбылдық дәрігерді кінәлап отыр

0

Шымкент тұрғыны Нұрқанат Байжігітов ағасының өліміне жамбылдық дәрігерді кінәлап отыр. Айтуынша, пневмониямен науқастанған жақынын көрші өңірге апарып емдетуге ауылдасы үгіттеген. Ол үшін 2 миллион теңге қаржы сұрап, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге уәде беріпті. Осы сөзге еріп, өз аяғымен медициналық мекемеге барған 40 жастағы ағам екі күн өтпей көз жұмды, дейді Нұрқанат.

 

Нұрқанат Байжігітов ауылдық амбулатория дәрігерін «бауырымды өлтірді» деп айыптап отыр. Айтуынша, үйіне қонаққа келген інісі пневмониямен ауырып қалған. Сайрам аудандық ауруханасы сараптама жасап, өкпесі 32 пайыз зақымданғанын анықтаған. Бірақ науқастардың көптігін айтып, қабылдамай қойыпты. Сол кезде Қайрат есімді ауылдасым әпкесінің Жуалы ауданында жеке клиникасының бар екенін және 2 миллион теңгеге құлан таза айықтырып беретінін айтты дейді Нұрқанат. Сөйтіп, Қайрат Есмұрат Байжігітовті Жуалыдағы Нұрлыкент ауылына алып кеткен екен. Бірақ клиника дегені ауылдық амбулатория болып шығады. Есмұрат ағасына хабарласып, ауруханадағылар ақша төлемесең шық деп жатыр дейді. Сосын достарынан қарыз алып, 103 мың теңге берген екен. Ал екінші күні туыстары қаралы хабар естіпті.

“29 тамыз күні өздері өлтіріп алды. Уазикпен кислородсыз, аппаратсыз, тыныс алу жастықшасыз мына жерден алып шығып, өлтіріп қойды. 4,5 сағат өлігін жасырған. 4,5 сағаттан кейін өлігін өзіміз таптық”, – дейді марқұмның інісі Нұрқанат Байжігітов.

Марқұм Есмұрат ағасына Қайратқа ақша салма, ол әлдекімдерге 1,5 миллиондай қарыз деп жазыпты. Ал ауылдық амбулатория дәрігері Қайрат есімді азаматтың туған інісі екенін растады. 28 шілде күні бауыры хабарласып, жақын досы сырқаттанып қалғанын әрі, ауданда ешқандай аурухана қабылдамай жатқанын айтқан. Ақ халатты қалаға апаруға кеңес беріпті. Бірақ ертеңгілік жұмысқа келсе Есмұрат пен інісін көреді. Ақыры көңілдерін қимай сұраған дәрісін салып беріп, облыс орталығына жолдадым дейді. Алайда науқастың барғысы келмепті. Ал келесі күні жағдайы күрт нашарлаған соң Тараз қаласындағы стационарлардың біріне жеткізіпті.

“Төсек арбаға салған кезде түрі көкшіл тартып кетіпті. Белгілі ғой жағдай енді. Тіпті ішке барып, тіркеу жасата алмай қойдық. Дәрігерлерге айттым, жолда қайтыс болған адамды қайтып береді ғой енді. Сөйтіп, жаңағы жерге өтініш жасадым жуындырып беріңіздер деп”, – дейді Нұрлыкент ауылдық амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігер Бакира Усманова.

Осыдан соң туыстарына хабар беріп, түнде апарып жер қойнына тапсырған. Десек те марқұмның жақындары бұл жерде бір шикілік бар екенін, бауырымызды жерлеуге біз келісім бермегендерін айтады. Сол үшін тиісті органдарға арыз тастап, эксгумация жасату туралы шешім қабылдапты.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.