Нұр-Сұлтанда вакцина алған жастардың арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады

0

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланған жастар арасында 1,5 млн теңге ойнатылады. Елордалық «Астана жастары» ресурстық орталығы халықаралық Жастар күні қарсаңында «Stop COVID-19» үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады.

Байқау қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді.

Байқау вакцинация арқылы студенттер арасында COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ жастар арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі. Байқау жеңімпазы елорданың мәслихат депутаты Азамат Манасұлының басшылығымен жұмыс істейтін «Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан» 1 миллион теңге алады. Екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға – 200 мың теңге. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін «Арена fitness», «Winox» фитнес-залдарының танымал желілерінен және «Хлебный край» компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазан аралығында өтеді. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.

«Шарттар өте қарапайым: ниет білдірген қатысушылар 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Google Forms арқылы Instagram желісінде @astana_jastary профилінің тақырыпшасына қатысуға өтінім жіберуі қажет. Содан кейін, қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген вакцинация пунктінде 5 тамыз бен 5 қазан аралығында екпе алуы тиіс. Ары қарай, вакцинация орнынан шығармашылық бейне-challenge түсіріп, оны Instagram және Tiktok-та таратуы керек. Жарияланымдардың астында хэштегтерді көрсетуді ұмытпаңыз: #stopCovid #молодежьзавакцинацию #nsjastary #astanajastary және челленджге тартылған қатысушылардың санын бақылау үшін жекелеген бір хэштег ойлап табу қажет. Байқау соңында ізінен ерген адамы көп бейнеролик авторы (бірінші, екінші, үшін орын) ақшалай сыйлық алады.

Байқау ережесінің толық шарттарымен Instagram парақшаларынан танысуға болады: @astana_jastary және @ns_jastary. Сол сияқты WhatsApp +77471909693 нөмірі бойынша хабарласуға болады», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.