Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан

0

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға травматикалық тапаншамен оқ атқан.

 

Оқиға 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған. Баласына оқ атылғаны туралы атыраулық әйел полицияға шағымданған.

“Тексеру кезінде Атырау қаласының СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің теріс қылығы үшін 5 ата-анадан жазбаша арызы алынды. Сондай-ақ, пластик оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды», – делінген ПД хабарламасында.

Оқ атқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылды.

Жинақталған іс құжаттары мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.