Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығы өртке оранды

0

Нұр-Сұлтанда “Тұлпар” сауда, ойын-сауық орталығы өртенді. Құтқарушылар мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

«Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 » Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. №3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Департамент ақпаратына сүйенсек, өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.