БҚО-да қыз алып қашқандар жол апатына түсті. 4 адам жансақтауда жатыр

0

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жол шетінен шыққан үш жылқыға соғылған. Қазір төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Апат туралы облыстық Полиция департаментінде өткен брифингте мәлім болды. 30 тамызда сағат 22:30 шамасында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолының 27-шақырымында Пугачево ауылы маңында Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі үш жылқыны қағып кеткен.

«Зардап шеккендердің айтуынша, олар Оралдан Ақсайға қыз алып қашып келе жатқан. Олар реанимацияда жатыр, бұл оқиға бойынша толық ақпарат бере алмаймыз», — деді БҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан екі көліктегі 11 адам зардап шеккенін айтты.

«Жиырма жастағы қызға бассүйек-ми жабық жарақаты, гемоторакс диагнозы қойылды. Сондай-ақ, 18 және 19 жастағы қыздар мен 18 жастағы жігіт жараланған. Олар Бөрлі облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 22 жастағы ер адам басынан жарақат алған, мойын омыртқасы сынған. Хирургия бөлімінде қалғандары жатыр, зардап шегушілер амбулаторлық бақылауға жіберілді», — деді департамент өкілі.

Полиция бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы» бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.