«Асардың» аясында баспаналы болды

0

Сөзден гөрі іске жақын бесағаштықтар аз қамтылған отбасыларға асарлатып баспана салып беруде. Мұндай белсенділік ауданның барлық ауылдық округтерінде байқалады. Өңірдегі кәсіпкерлердің демеушілігімен бірнеше үйдің іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызыла бастағанына халық куә. Бұл бастамаға кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері де өз үлестерін қосуда.
Оның бір мысалы ретінде Бесағаш ауылдық округіндегі жас отбасы – Карсаков Абылайхан мен Дулат Ұлдананың шаңырағындағы болғаш қуанышты сәтті айтуға болады. Олар «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға қол жеткізді.
Қоныстой иесін құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, округ әкімі Бейбіт Нигматуллаев және баспаналы болған отбасының ет бауыр жақындары жинады.
– Бізге қамқорлық көрсеткен жандарға айтар алғысым шексіз. Енді үйіміз бар, келесі мақсатымыз — балаларымызға тәрбие беріп оқыту, елін сүйер азамат қылу. Асар жобасына ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, аудан басшылығына және барша қолдау көрсеткен ауылдықтарға рақметімді айтамын деді, – Дулат Ұлдана қуаныштан көзіне жас алып.
Жалпы аумағы 8 шаршы метр болатын 2 бөлмелі тұрғын үй. Іші-сырты заман талабына сай жабдықталған.
– «Асар» қайырымдылық акциясы ауылдық жерлерде де қанатын кеңге жая бастады. Бұл бастаманы да бесағаштықтар бірден іліп алып кетті. Елден жиналған қаражат есебінен жас отбасы үшін салынған үйдің жал¬пы аумағы – 3×9 метр. Ауласы кең, қорш¬ал¬ған шарбағы да бар, – дейді ауылдық округ әкімі Бейбіт Нигматуллаев.
«Баспана – бақыт шамы» ғой қашанда. Ал сәні мен сәу¬леті келіскен үй ауылдастары¬ның Карсаковтар әулетіне шын ниеттерімен ұсынған тамаша тартуы секілді.

Жәнібек АСАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.