Ұшақ бортында дүниеге келген ауған қызына ерекше есім берілді

0

Ауғанстаннан эвакуация кезінде америкалық әскери ұшақтың бортында дүниеге келген қыздың ата-анасы оған ұшақтың атын берді.

Нәрестеге Рич деген есім қойылды.

«Рамштайн базасына ұшып бара жатқан С-17 бортында туған баланың ата-анасымен сөйлестік, олар қызына Рич деген ат қойды. Себебі оларды Катардан Рамштайнға жеткізген C-17 шақыру белгісі Reach болды», — деді Уолтерс.

Бұған дейін ауған әйел АҚШ әуе күштерінің эвакуация рейсінде босанғаны хабарланған болатын. Ұшу кезінде әйелді босандыруда қиындықтар болған. Ұшақ командирі борттағы ауа қысымын жоғарылату үшін биіктікті төмендеткен. Бұл жағдайды тұрақтандыруға және ананың өмірін сақтауға көмектескен.

Жалпы, Ауғанстандағы эвакуация кезінде үш бала ұшақта дүниеге келгені хабарланған болатын.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.