Танымал жүргізуші Серік Акишевтің қызы еуропалық журналдың мұқабасына шықты

0

Танымал тележүргізуші Серік Акишевтің қызы Марика испаниялық VOUS журналының мұқабасына шықты.

“Қызым мен сенімен мақтанамын! Сені шын жүректен құттықтаймын! Бірінші рет Еуропалық журналдың мұқабасына шықты. Иә, осыған дейін Harper’s Bazaar жарнамалық түсірілімдеріне, Prada, Louis Vuitton брендтерінің коллаборацияларына қатысқан. Енді, міне, 13 жасында Марика испаниялық журнал VOUS журналының мұқабасына шығып отыр”, – деді Серік Акишев әлеуметтік желідегі парақшасында.

13 жастағы Марика Акишева жақында Cassis Model Managment агенттігімен жұмыс істей бастаған. Бұл агенттік келбеті ерекше модельдерді іздеп, солармен жұмыс жасайды. Ал журнал өкілдері осы агенттік арқылы Акишевтер отбасына хабарласып, қызының суретін журнал мұқабасына шығаруға рұқсат алған.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореядағы әлемдегі ең ірі агенттіктердің бірі Platinum Model агенттігі Марика Акишеваны үш айға Сеулге шақырған, ол онда фотосессияларға қатысып, жаңа тәжірибе жинайды.

Айта кетсек, Марика алғаш рет 2018 жылы байқауға қатысып, mini Photomodel вице-аруы атағын жеңіп алған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.