Тәліптер өздерімен достық қарым-қатынастағы елдерді атады

0

«Талибан» саяси кеңсесінің өкілі Мұхаммед Наим «Әл-Маядин» телеарнасына берген сұхбатында қозғалыстың Қытаймен, Ресеймен және көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.

«Қытай – біздің көршіміз, біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз. Бұл Ресейге де қатысты», – деп хабарлады «Талибан» қозғалысының өкілі.

Наим Талибанның Иранмен, Қытаймен, Пәкістанмен және Өзбекстанмен бұрыннан қарым-қатынаста екенін және бұл елдер Батыс державаларынан айырмашылығы, талиgтердің билікке келгеніне алаңдамайтынын айтты.

«Біз қарым-қатынас орнаттық, біз Ауғанстанмен көршілес елдермен байланыстамыз және олардың дамығанын қалаймыз», – деп қосты «Талибан» өкілі.

Талибанның өкілі Забихулла Муджахид Түркиямен қарым-қатынас туралы айтып берді.

«Біз Түркиямен жақсы қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Бірақ түрік сарбаздарының Ауғанстанға кіргенін қаламаймыз», – деді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.