Білім саласы – басты назарда

0

Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі желісінде 38 мектеп, 24 балабақша, 5 қосымша білім беру мекемесі және 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті бар.

Жаңа 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 15284 оқушы оқиды деп күтілуде.

1 сыныпқа 1400 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Оның бүгінгі күні 1276-сы (91,1%) электронды қабылдады. Қалған 124 бүлдіршінді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Білім нысандарын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы соммасы 12 млн. 891 мың теңге қаражат бөлініп, әктеу, сырлау, жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Биылғы жылы ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарына білім басқармасынан қаражат қарастырылмаған.

Луговой ауылындағы М.Горький орта мектебінің отқазандығын газға ауыстыру бойынша құны 32 704,00 теңгеге тапсырыс беруші облыстық энергетика басқармасы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Құлан ауылындағы Ю.Гагарин негізгі мектебінің спорт залын соғу жобалық құны 136 300 ,0 мың теңге тапсырыс беруші Облыстық құрылыс басқармасы арқылы тиісті құрылыс жұмыстары басталуда.

Бүгінгі күні мектептерде 800 литр антисептик, 494 дана кварц лампасы, 67 дана тепловизор, 500 дана медициналық кілемше қолданыста бар.

Қосымша оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 млн. 293 мың 625 теңге қаражат қарастырылып, үнемделген қаражат есебінен 50 дана тепловизор, 144 дана медициналық кілемше, 4000 литр антисептик, 3900 метр еден жууға арналған сүрткіш, 120 банка жавилар, 800 дана порошок, 300 дана сұйық сабын, 900 дана кір сабын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 38 мектепте санитарлық қағидалар толықтай сақталған. Жаңа оқу жылын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, «1 кабинет, 1 сынып» қағидасы бойынша дәстүрлі түрде оқуды бастау жоспарлануда.

Қоңырау кестелері әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай ыңғайластырылып жасалады. Сабақтың ұзақтық мерзімі 45 минуттық болып белгіленген.

Сонымен қатар педагогтар мен оқушыларға бетперде кию міндеттеледі.

Күнделік жобасы тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

1 қыркүйек білім күніне орай 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өткізіледі. Жиында мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге «Әліппе» кітабын салтанатты түрде тапсыру рәсімі ұйымдастырылады.

2-11 сынып оқушыларына білім күніне арналған тақырыптық ашық сынып сабақтары сыныптарда арнайы өткізіледі.

Сондай-ақ, «Дарын онлайн» платформасын пайдалану үшін биылғы 2021-2022 оқу жылына 3 млн 418 мың теңге қарсы қарастырылған.

Ауыл мектептерін жаңа модификаиялармен жарықтандыру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында мектептерге жаңа модификаиялық кабинеттер алу үшін 5 мектепті жабдықтауға 2021 жылға 129 млн. 415 мың теңге қаражат қарастырылды.

Сонымен қатар, биылғы оқу жылында қажеттілік бойынша 63 292 дана оқулыққа тапсырыс беріліп, 43,0% аудан мектептеріне жеткізілді.

Мектебі жоқ елдімекендерден 697 оқушы 12 мектепке тасымалданады.

Қорағаты, М.Горький, Ақбұлақ, Б.Момышұлы, №1 мектеп-лицейі, Құлан, Ю.Гагарин, Болтай батыр, №5, Ақыртөбе, Жамбыл және Р.Смайлов

Автобус саны – 5. 2010 жылы 2 автобус. 2013 жылы 1 автобус. 2020 жылы 2 автобус сатып алынды.

Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты бастауыш, негізгі, орта білім беру мекемелерінде аз қамтылған, көп балалы отбасындағы 3067 балаға, жалпыға міндетті біліммен қамту қорынан бір реттік көмек ретінде әр балаға 32500 теңгеден жалпы 99 млн. 677 мың 500 теңге қаражат ата-аналардың есебіне аудару жұмыстары жүргізілуде.

Вакина бойынша 4050 қвзметкердің 3319-ы екпе алған. Оның ішінде 2009-і мұғалімдер, 1110 кіші қызметкерлер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.