Мәжіліс депутаты мектеп құрылысымен танысты

0

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Оtan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Н.Раззақ Жуалы ауданы Алатау ауылындағы 100 орындық мектептің құрылысымен танысты.
Құрылыс жұмыстары биыл сәуірде басталған. Аяқталуы 2022 жылдың маусымына жоспарлануда. Мердігер – «Агроспецстрой» ЖШС. Аталған мектеп елді-мекендегі тозығы жеткен мектептің мәселесін шешеді.
Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалуда. Мектепте оқу қабинеттер, маталар мен технологияларды өңдеу шеберханасы, металл және ағаш жөніндегі аралас шеберхана, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, медициналық кабинет болады.
Жалпы биыл облыста 10 жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Ағымдағы жылы 23 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылса, оның 11-і биыл қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Осылайша 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 орыны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесін шешілмек. Сондай-ақ, биыл 16 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 9 мектептің жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
Халық қалаулысы «Nur Otan» партияның Сайлауалды бағдарламасында білім саласы басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, мемлекет қаржысына салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Сондай-ақ, сала басшыларының өтініштеріне құлақ түріп, білім саласындағы бірқатар мәселелерді назарға алатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, мәжіліс депутаты жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жүргізілетіндіктен, білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керектігін ескертті.
Сапар соңында Н.Раззақ мектептегі заманауи технологиялар мен оқу кабинеттері балалардың сапалы білім алуына өзіндік септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.