Шетелдік мамандар Таразда 40 ота жасады

0

Таразда «Визуалдаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Төрт күндік конференциядаҚазақстан, Ресей және Украинаныңжетекші сарапшылары мен хирургтері шеберлік сабақтарын өткізіп, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Ісшара барысында карантиндік талаптар қатаң сақталды.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев конференцияға қатысып,шетелдік сарапшылармен бірге бірқатар маңызды мәселелерді саралады.

Конференцияға қатысушыларғабілікті хирургтаркүрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен  емдеу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісе отырып,  қауіпсіз эндохирургия бағытында тренажерлар мен симуляторлармен практикалық сабақтар өткізді.

Төрт күннің ішінде жалпы хирургия, онкология, балалар хирургиясы бойынша 40 ота жасалды.

40 дәрігер, 70 орта буын медициналық қызметкер оқытудан өткен.

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Қайрат Жетібаевқа заманауи лазерлі электрохирургиялық кешен сатып алу үшін 40 миллион теңгенің сертификаты берілді.

— Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі міндеті – азаматтардың денсаулығын сақтау, өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Тәуелсіздік жылдары отандық денсаулық сақтау саласында айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізілді десек, оның бір көрінісі ретінде облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 72,7 жасқа дейін өскенін айтуға болады, — деп атап өтті өңір басшысы.

Бердібек Сапарбаев мемлекеттің денсаулық сақтау саласына баса көңіл бөлініп отырғанын, жаңа ауруханалар салынып, медициналық мекемелердің материалдық -техникалық базасы нығайып, жаңғыртылып жатқанын, медицина қызметкерлерінің біліктілігі артуда екенін тілге тиек етті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру тетігі пысықталды.

— Облыстағы төрт орталық аудандық аурухана компьютерлік томография аппараттарымен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін онкология және хирургия орталығы іске қосылады. Қордай ауданында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан биофармацевтикалық зауыт салынды. Мұнда тек коронавирусқа ғана емес, басқа да індеттерге қарсы вакциналар шығарылады, — деді облыс әкімі.

Конференцияға қатысушылардың алдында сөз алған медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «AlandaClinic» медициналық орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Серік Тоқпанов орамды ойларын ортаға салды.

— Дәрігерлердің инвазивтілігі төмен операцияларды еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп жатқандығы қуантады. Мұның бәріне мемлекеттің қолдауының арқасында қол жетуде. Конференция барысында дәрігерлер бірқатар күрделі оталар өткізді. Әріптестерімізбен алдағы уақытта да тәжірибе алмасып отырамыз деп үміттенемін, — деді Серік Тоқпанов.

– Біздің ортақ мақсатымыз – қауіпсіз медициналық зерттеулер жүргізу. Соңғы бірнеше күнде біз әріптестерімізбен бірге жүргізген оталар барысында көптеген жаңа әдістерді зерттей алдық, — деді Мәскеудегі«Медси» компаниялар тобы» АҚ Медициналық академиясының гастроэнтерология және эндоскопия кафедрасының меңгерушісі Петр Щербаков.

— Эндохирургияның дамуы дәрігерлердің өздерінінің жаңа дүниелерді меңгеруге деген ықыласына, медициналық жабдықтармен жабдықталу деңгейіне байланысты. Жергілікті атқарушы органның да қолдауы маңызды. Көріп отырғанымыздай, Жамбыл облысында барлық бағыттар бойынша жұмыстар ойдағыдай жүруде, — дейдіҚазақстан Эндоскопиялық хирургтарҚауымдастығының Президенті, «ActobeMedicalCenter» АМО эндохирургиялық қызметінің жетекшісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Владимир Котлобовский.

Ғылыми-практикалық конференция барысында қатысушылар Жамбыл облысы әкімінің алғыс хатыменмарапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.