Тәліптер Ауғанстан халқын бірлікке шақырады — БАҚ

0

«Талибан» қозғалысы (Жоғарғы сот қаулысына сәйкес Қазақстанда тыйым салынған) жаппай наразылық ел астанасы Кабулға да жеткеннен кейін Ауғанстан халқын бірлікке шақырды.

Агенттік мәліметінше, «Талибан» қозғалысы ел билігін басып алғаннан бері жұма намазы алғаш рет оқылады. Тәліптер ауған имамдарынан ел тұрғындарын тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақыруын сұрады. Қазіргі уақытта билікке келген «Талибан» қозғалысына қарсы наразылықтар көбейіп келеді, оның ішінде елорда Кабулға да жеткен.©REUTERSReuters мәліметінше, наразылық білдірушілер қолдарына Ауғанстан жалауын ұстаған, оларды көбінесе «Талибан» қарсыластары пайдаланады. Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, басқа қалаларда наразылыққа шыққандар «Талибан» қозғалысының ақ түсті туын жұлып алған жағдайлар болған.

Нангархар мен Кунар провинцияларында наразылық білдірушілер көшеге шықты. Хост провинциясында «Талибан» қозғалысы наразылықты басқаннан кейін, тәулік бойына коменданттық сағат енгізген. Алайда тәліптер наразылықтар мен коменданттық сағат туралы ақпаратты растаған жоқ.©REUTERSАгенттік дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Асадабад қаласындағы наразылық кезінде «Талибан» қозғалысының жауынгерлері оқ жаудырып, бірнеше адамды атып тастағанын мәлім етті. Куәгерлердің айтуынша, Кабулдағы шеру кезінде де тәліптер аспанға бірнеше рет оқ атқан.

Бұған дейін Ауғанстанның Джалалабад қаласында тәліптер Ауғанстанның мемлекеттік туын қолдап, наразылыққа шыққандарға оқ жаудырғаны хабарланған болатын. Нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы сегіз адам жараланған.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.