Достары қорқып ата-анасына айтпаған: Павлодарда 12 жасар бала суға батып кетті

0

Павлодарда шомылып жүрген 12 жасар бала Ертіске батып кетті.

 

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“19 тамызда сағат 00:10 -да Павлодар қаласының полиция қызметінің жедел кезекші бөлімінен сағат 14.30 шамасында Ертіс өзеніне 2009 жылы туған жасөспірім батып кетті деген хабарлама келіп түсті. Бұл күні, шамамен 11:12 -де, бала достарымен серуендеу үшін үйден шығып, қайтып оралмаған”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Сағат 22.00 шамасында ата-аналар полицияға жүгінген. Істі қарау барысында, достарының айтуынша, баланың өзенде суға батып кеткені анықталды. Қорқып кеткен балалар бұл туралы марқұмның ата-анасына айтпаған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.