Гаитиде жер сілкінісінен қаза болғандар саны 2 189 адамға жетті

0

Гаитиде 14 тамызда болған жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 2 189 адамға жетті, тағы 12 мыңнан астам адам жарақат алды.

Бұл туралы сәрсенбі күні республиканың азаматтық қорғаныс басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Оңтүстік департаментінде 1 832 адам, Гранд-Анс департаментінде 218 адам, Нипп департаментінде 137 адам және Солтүстік-Батыс департаментінде екі адам қаза болды. Сондай-ақ жарақат алған 12 268 адам тіркелді. Аймақта 100 мыңнан астам ғимарат толық немесе жарым-жартылай қираған. Қазіргі кезде құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 14 тамыз таңда Гаитиде магнитудасы 7,2 жер сілкінісі болды. Зілзала эпицентрі 125 мыңға жуық тұрғыны бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі — 10 шақырым. Жер сілкінісі салдарынан Оңтүстік, Гранд-Анс және Нипп департаменттері қатты зардап шекті. Ел үкіметі бір айға төтенше жағдай режимін енгізді.

Гаитиде қуатты жер сілкінісінен кейін «Грейс» тропикалық дауылы басталды. Ол жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету және тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын қиындатты.

Гаити 2010 жылы 200 мыңнан астам адамның өмірін қиып әкетіп, бір жарым миллион адамды панасыз қалдырған жер сілкінісінен кейін әлі есін жиған жоқ. Тіпті, елдегі президент сарайы да әлі қалпына келтірілмеген.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.