Павлодар облысында күйеуі өртеп жіберген келіншек көз жұмды

0

Павлодар облысында күйеуі үстіне спирт құйып, өртеп жіберген әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиева мәлім етті. Оның сөзінше, әйел кеше түстен кейін жан тапсырған.

Айта кетсек, 8 тамызда Розовка ауылында күйеуі жанжал барысында жарының үстіне спирт төгіп, артынша өртеп жіберген. Ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжің ер азаматтың мас күйінде көлік аймадақ болғандықтан туындаған. Кейіннен анықталғандай, есін жиған тұрғын әйелінің үстіндегі алауды өшіруге тырысып, жедел жәрдем шақыртқан.

Дәрігерлер әйелдің денесінің 50%-ы күйгенін жеткізді. Оның жағдайы ауруханаға түскен кезде өте ауыр болған көрінеді.

Қазіргі таңда ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Екеуінің тәрбиелеп отырған үш балалары бар. Марқұм тірі кезінде күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқан.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.