«Дудар-ай» әнін орындаған Тәуекел Мүслім елді таңғалдырды (видео)

0

Тәуекел Мүслім фанаттарын әншілік қабілетімен таңғалдырды. Ол әйгілі «Дудар-ай» әнін орындап, тіпті клип түсірді.

Тәуекел «Дудар-ай» әнін актриса Мария Петлюхпен бірге орындап шыққан. Қос өнер иесі «Дудар-ай және Маша» кинокартинасында басты рөлді сомдаған.

Романтикалық комедия 15 желтоқсан күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарыққа шығады деп күтілуде.

Кинокартинаға «Дудар-ай» әнінің шығу тарихы негіз болған. Мария деген орыс қызы мен Дүйсен атты қазақ жігітінің махаббат хикаясы бүгінгі күнде көрсетілген.

 

Фильмнің режиссері – Дамир Тастамбеков болса, сценарий авторы – Данияр Күмісбаев. Фильмде Тәуекел мен Мариядан бөлек, Алексей Воробьев, Ольга Ландина, Сергей Уфимцев, Бақытжан Әлпейісов және т.б. актерлар бой көрсеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.