Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Медетов жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданында болды

0

Ағымдағы жылдың 12-13 тамыз күндері Т.Рысқұлов ауданына Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімі аппаратының басшысы Расул Медетов жұмыс сапарымен келді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың берген хаттамалық тапсырмаларының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысын пысықтау мақсатында арнайы іссапармен келген Расул Махмұдұлы ең алдымен аудандық “Халыққа қызмет көрсету” орталығының жұмысына зер салды.
Халыққа қызмет көрсету орталығында бүгінгі таңда 21 маман жұмыс атқарып, 690 қызмет түрі көрсетілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылы сәуірде «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында құрылды. Содан бері Корпорация ұжымы мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру және цифрландыру жолында үздіксіз жұмыс істеп, озық технологияларды енгізіп, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде әкімшілік кедергілерді барынша азайтып, «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына көшіріп, клиенттерге ыңғайлы және тиімді жағдай жасауға күш салуда.
Келесі кезекте аудандық полиция бөліміне бағыт бұрған Расул Махмұдұлы нысанның жай-күйімен танысты.
Айта кетер болсақ, бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімінде 90 полиция қызметкері аудан халқының тыныштығын күзетеді.
Келесі кезекте Расул Махмұдұлы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бағдар алды.
Аудан бойынша жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде 1910 азамат қайырылып, 1652 азамат жұмысқа орналасқан. Оның ішінде, ақылы қоғамдық жұмыстарына 662 азамат, жастар тәжірибесіне 60 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 91 азамат және тұрақты жұмысқа 839 азамат орналасқан. Тіркелуге қайырылған азаматтардың жұмысқа орналасуы 86,5 % құрап отыр.
Сондай- ақ, жыл басынан бері шағын несие 98 азаматқа, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грант 200 азаматқа берілген.
Жұмыс сапары барысында аппарат басшысы 200 АЕК грантын жеңіп алған жергілікті кәсіпкердің жұмысымен танысып,«Еңбек» бағдарламасының орындалу барысын көрді.
Сонымен қатар, жұмыс сапарының алғашқы күні Расул Махмұдұлы Құлан ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан “Сұлутөр” кинотеатрының жұмысымен танысты.
Қабырғасы 1968 жылы қаланған кинотеатрдың күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатыр. Құны 58,3 млн. теңге бөлінген аталмыш жоба ағымдағы жылдың 1 тамызында басталған жөндеу жұмыстары қараша айының соңында аяқталуға тиісті.
Аппарат басшысы мәдениет үйінің ішкі бөлмелерін аралап, сапаға көңіл бөліну керектігін еске салып, мердігер компания өкілдерімен пікір алмасты.
Жұмыс сапарының келесі күнінде аппарат басшысы Көкдөнен ауылына бағыт алып, ондағы ауылдық округі әкімі аппаратының «Е-өтініш» және «Е-халық» АЖ жұмысымен және дәрігерлік амбулаторияның жай-күйімен танысты.
Ондағы мамандармен тілддесіп, карантин талаптарына назар аударған аппарат басшысы ақпараттық жүйелер тұрғындарға қолжетімді болуы керектігін, бұл облыс әкімінің тапсырысындағы межелер екенін жеткізді.
Келесі кезекте Құлан ауылындағы «Арай» алқабындағы 5 қабатты 80-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен және Шөңгер ауылындағы «SV Agro» ЖШС-ның қарқынды алма бағының жұмысымен танысты.
Инвестиия көлемі 2178,0 млн теңгені құрайтын алма бағында бүгінгі күнде 7000 тонна өнім береді деп күтілуде. 150 га аумаққа орналасқан аталған бақта 45 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың басым көпшілігі жергілікті ауыл тұрғындары.
Жаңадан бой көтеріп жатқан «Арай» тұрғын үй алқабында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырған аудан әкімінің орынбасары Жандос Ордабаев бірінші үймен қатар, екінші үйдің құрылысы ағымдағы жылы басталғанын, келер жылы дәл осындай үшінші және төртінші үйді салу жоспарланып отырғанын айтты.
Құрылыс басында болған аппарат басшысы Расул Махмұдұлы облыс әкімінің өңір экономикасының ілгерілеуі үшін қолға алынған жобалардың сәтті жүзеге асу бақылауда екенін айтты.
Мұнан соң жұмыс сапарының алгоритміне сәйкес Құлан орта мектебінің жылыту маусымына дайындығын көріп, аудандық поликлиникадағы вакцина кабинетінің жұмысымен танысты.

Іссапар барысында аппарат басшысы тұрғындардың коронавирусқа қарсы вакцина салдыру белсенділігіне де баса назар аударды. Бүгінге дейін аудан тұрғындарының басым көпшілігі коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары да белсенді түрде жалғасып келеді. Оның басты себебі халық жаппай екпе салдырғанда ғана індетті ауыздықтай алатындығымызды, бүгінде коронавирус пен коронавирустық пневмония белгілері білінген науқастардың дені вакцина алмағандар екенін, сол үшін екпенің маңыздылығын халыққа жеткізе білу керектігін айтып түсіндірді.
Жұмыс сапарының соңында аппарат басшысы аудан активімен кездесіп, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын, индекаторлық көрсеткіштердің жүзеге асырылуын сұрап, салалық орынбасарлардың баяндамасын тыңдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.