Өмірің өз қолыңда

0

Сапысу ауданында халық саны (статистикалық мәліметке сәйкес) 44 459 адамды құрайды.

Орталық аурухананың дерекқорына (РПН) 39 708 адам тіркелген.

Сарысу аудандық орталық ауруханасының жұқпалы ауруханасында 80 төсек қарастырылған.
Оттегі баллондары 50 дана бар.

Жоспарға сай аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға 19 168 адам жатады.

Ауданда 7 вакцина егу пункті ұйымдастырылған, оның ішінде вакцина егетін бір топ көшпелі.

Жыл басынан ауданға вакцинаның 24200 дозасы келді.

Оның ішінде 1-ші компонент- 13625 доза. 2-ші компонент-10575
20 361 адам вакцинациялануға жатпайды:

Кәмелетке толмағандар – 15868 адам;
Жүктілер – 567 адам;
Аллергенді диагнозы бар – 30 адам;
Бала күтімімен отқан – 787 адам;
Онкологиялық диагнозы бар – 27 адам;
Гармональді препарат алатындар – 95 адам.

Бүгінде, 11129 аудан тұрғыны екпенің 1-ші компонентін қабылдады ( 1-компонентінің 58,1 пайызын құрады).

Оның ішінде: 600 аурухана қызметкерлерінің 550-і 92%, білім саласындағы 3529 қызметкерлердің 2400-і 68,0%, 64 полиция қызметкерлерінің 60-і 90%, өзге де санатқа жататын 14 555 адамның 6833-і екпе қабылдаған.

2-ші компонентті сәйкесінше 66890 адам қабылдаған ( 35,9 пайызы), қалған вакцина өз кезегімен салынуда.

Аудан тұрғындарының арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация алуға, әкімшілік жанындағы құрылған мобильдік топтар, аудандық аурухана қызметкерлері үгіт-насихат,түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Әр күн сайын елмен етене араласып, науқастардың жәй-күйінен хабар алуды әдетке айналдырған Марат Сұлтанғалиевке Сарысулықтар риза.

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.