Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол

0

Ауыл – қазақтың қара шаңырағы, алтын бесігі.

«Ауыл көркейсе, ел өркендейді» деген тәмсіл бар.

Қазір ауылдың өркен жайып, дамуы үшін атқарылып жатқан шаруа шаш етектен.

Түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылдағы ағайынның көсегесі көгеруде.

Атап айтар болсақ осы бағытта Сарысу аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығында атқарылған жұмыстар ауқымды.

Осы жайында «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарысу ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы Домалақов Ілияс Әлімбайұлы:

— Бүгінгі таңда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдары арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы » шеңберінде жұмыстар қарқынында,-дей келе, аталмыш жұмыстардың 2020-2021 жылдар аралығында орындалу барысы зерделеніп жатқанын айтады.

Қамқалы, Тоғызкент, Досбол ауылдық округтер бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде екен.

Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.