Нәтижелі жұмыспен қамтудың нәтижесі зор

0

2017 жылдан бастап  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламаның мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Қала бойынша бүгінгі күнге халық саны 364665 адамды құраса, оның ішінде 170276 адам экономикалық белсенді халық санатына жатқызылған. Жұмыссыздық деңгейі 5,6 %  (9544 адам жұмыссыз) құрайды.

Бүгінгі күнде Тараз қаласы бойынша Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  2021   жылға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 7481 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 4844 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды немесе 65,0%.

Мемлекеттік қолдау шаралары негізінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) аясында жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның І бағыты бойынша 2021 жылға қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 300 адамды оқыту жоспарланған, сұранысқа ие 17 мамандық бойынша 8 оқу орны таңдалып,  ағымдағы жылдың мамыр  айынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 270 адам жолданды.

Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша

2021 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы шағын несие беруге Тараз қаласына 36 адамға 316,1 млн. теңге қарастырылып, 18 азаматқа 187,2 млн. теңге шағын несие берілді.

Жоспардан бөлек, реинвест есебінен 6 адамға 59,0 млн. теңгенің несиесі берілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қайтарымсыз грантқа Республикалық бюджеттен  291,7 млн.теңге қаржы 500 адамға   беру жоспарланған, ағымдағы жылдың  ақпан-мамыр айларында 455 адам грант иегері атанды, игерілген қаражат 265,4 млн.теңгені құрайды (1 адамға 583400 тг).

2021 жылы сәуір айынан бастап 6-кезең бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 885 адамды оқытуға жоспарланған. Ағымдағы жылы  сәуір айынан бастап 885 адам оқуға жолданды.

Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша «Жастар тәжірибесіне» 200 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 87,5 млн. теңге бөлінді. Қаржыландыру кестесіне сәйкес 68 мекеменің тізбесі бекітіліп, ағымдағы жылдың мамыр айында 155 түлек жалақыны толығымен субсидиялау шартымен (72925 теңге) жастар тәжірибесіне жолданды.

Алғашқы жұмыс орындарына  10 жұмыссызды жолдауға жергілікті бюджеттен 4,7 млн. теңге бөлінген. Есепті мерзімде алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға ниет білдірген 3 жұмыс берушілерге 2021 жылы 5 жұмыссыз азаматтар жолданды.

Бағдарлама аясында Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 жұмыссызды жолдауға республикалық бюджеттен 7,7 млн. теңге бөлініп, есепті мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ниет білдірген 5 жұмыс берушілерге 2021 жылдың қаңтар айынан бастап есепте тұрған 30 жұмыссыз азаматтар жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 896 жұмыссыз азаматтарды жолдау жоспарланса, қазіргі уақытқа 842 азаматтар жолдамалар  алды.

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 404 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, нақты 5406 жұмыс орны ашылды (100%), оның     2 702-і халықты  жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспарланып, нақты 2702 адам жолданды (100%). Сонымен қатар, 320 тұрақты жұмыс орындарын ашу қарастырылса, жоспар 100%-ға орындалған.

Ал, 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 12 жоба бойынша 316 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, оның ішінде 80% халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан «жұмыссыз» немесе «жұмыс іздеуші» ретінде тіркелген 253 адам жолдануы тиіс және жұмыс беруші тарапынан 63 адам қабылдануы керек. Сонымен қатар, 372 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Интеграциялық картаға 6 жоба енгізіліп, жұмыспен қамту орталығы арқылы іске асырылып жатқан жобаларға жұмыссыз азаматтар жолдануда.

Дәурен Абдукасымов, 

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.