Жастар және дін

0

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өскенін мойындауымыз қажет. Халықтың әртүрлі топ өкілдерінің рухани,  соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артып келеді.
Елімізде тәуелсіздік алғалы әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады.
Дегенмен, дінмен байланыстының бәрі бірдей оң сипатқа ие бола бермейтіні белгілі.  Қазіргі уақытта Тараз қаласына қарасты білім беру мекемелерінде оқитын 29 білім алушы ата-аналарының ықпалымен діни ағымдарға тартылғандығы анықталды. Жасөспірімдердің діни экстремистік идеялар ықпалына түсуін болдырмау мақсатында білім мекемелері түрлі діни ағымдарды ұстанып жүрген оқушыларға қатысты талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мәселен, 2019-2020 оқу жылында діни ағымдарға тартылған білім алушылар саны 49 болса, 2020-2021 оқужылында 20 білім алушыға кемігендігін байқауға болады. Талдау кезінде оқушылардың әлеуметтік жағдайлары мен діни ағымдары туралы ақпараттар базасы құрылды. Діни бағыттары бойынша жеке-жеке тоқталатын болсақ: «Иегова куәгерлері» – 11, «Жетінші күн адвентистері» – 6, Ислам діні – 12. Оның 11-і орамал тартатын қыз балалары. Жоғарыда аталған білім алушылар мен мектептерде сынып жетекшілері тұрақты байланыс орнатып, мектеп әкімшілігі ол отбасымен және оқушымен профилактикалық кездесулер өткізіп келеді.
Бүгінгі күні діни ағымға кірген 29 бала 21 отбасында тәрбиеленуде.  Оқу жылының басынан бері олардың үй жағдайларын зерделеу, сабаққа қатысуы мен белсенділігі тексеріліп, қажетінше кемінде 2 айда бір рет теолог, дінтанушы мамандарға сұраныс жолдай отырып, жеке кездесу шаралары ұйымдастырылды.
Аталған отбасылар мен арнайы мамандар 2021 жылы 23 кездесу жасады. Діни ағымдарға кірген білім алушылардың басым бөлігін №6 мектептен 9 бала және 28 мектептен 6 бала құрап отыр.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсыіс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негізінде мектеп білм алушылары мен ата-ана, педагог қызметкерлер арасында ақпараттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 9-11 сынып оқушылары мен педагогтардың діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары мен теолог мамандарының қатысуымен дәріс сабақтары өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргілді. Оған онлайн режімінде жалпы 10 мыңнан астам мектеп оқушылары қамтылды.
Сонымен қатар, Тараз қаласында діни экстремизм көріністерінің алдын алуға және оны болдырмауға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған 2 ақпараттық-түсіндіру топтары жалпы білім беретін 23 мектеп базасында 690 білім алушымен кездесу жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса оқу жылы ішінде мектептерде осы бағытта жүргізілген ақпараттық түсіндіру жұмыстарына ортаңғы және жоғарғы буындарда білім алатын  45222  білім алушы, 3519 педагог қамтылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура тарапынан ұсынылған: «Жастар және дін», «Өмірзая», «Алданған әйел», «Қауырт желі — 114», «Экстремизм және терроризмге жол жоқ» атты деректі фильмдерді мектеп оқушылары мен ата-аналарға көрсетілді. Әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.
Тараз қаласының білім бөлімі мен «Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығы» бірлесіп «Дін және қоғам» тақырыбында  қысқаметражды 5 ролик әзірленді.
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығында «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» деген тармақ ата-аналар жиналысында тұрақты түрде түсіндірілуде.
Дегенмен, бүгінгі күнге мектептерде орамал тартатын 11 білім алушы кездесіп отыр.
Өздеріңізге белгілі Білім және ғылыми министрлігінің жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрығында мектеп формасы талап етілмеуі туралы нұсқама берілген. Ата-аналар аталған нұсқаманы алға тартуда.
Мектеп оқушыларының дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылуының алдын алу жұмыстары білім бөлімінің алқа мәжілісімен  білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестерінде тұрақты түрде қаралып отырады.
2021 жылдың 5 айында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған 108 іс-шара (12 – дөңгелек үстел, 17 – семинар, 11 – кездесулер, 24 – онлайн конференция, 44 – ашық сабақтар) өткізілді.
Білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында білім беру мекемелері толық 100% ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Жалпы 1446 бейнебақылау камерасы орнатылған.
2020 жылы бейнебақылау камералардың сапасын арттыру, санын көбейту мақсатында 24 мектепке 78 342,1 млн теңге,  2019 жылы 16 мектепке 54 387,8 мың теңге бөлінген. Соңғы 3 жылда 56 мектептің бейнебақылау камералары қайта жаңғыртудан өтті.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлығы дабыл пультімен яғни, қорғау жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Саясат Есеев,

Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.