Гендірлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі

0

Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның іс-шаралар жоспары бекітілді.Жоспарға сай есепті уақыт ішінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі қала бойынша гендерлік теңдік стратегиясын жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңда қалада 13 280 көпбалалы отбасы бар, оның 3 028 отбасында 14 181 адам атаулы әлеуметтік көмек алуда. Сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 17 455 балаға жалпы оқыту қорынан тамыз айынан бастап қаржылай (32 500 теңге) көмек берілетін болады.

Қала кәсіпкерлерінің демеушілік қолдауымен Төле би даңғылында орналасқан жатақханалардағы  аз қамтылған 200 отбасыға, «Жасыл Ел — Тараз» мекемесінің 142 аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әйел — әлемнің шуағы» атты кездесу ұйымдастырылып, шара барысында Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген қыз-келіншектер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне орай  қала әкімінің мерекелік құттықтауы  ұйымдастырылып, түрлі салада жетістікке жеткен қыз-келіншектерге арнайы сыйлықтар табысталды. Халықаралық отбасы күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімі аппаратының «Азаматтардың хал актілерін тіркеу» бөлімшесінде  «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы (психолог), отбасы мәселелері жұмыс тобының мүшесі А.Мырзатаева некеге тұруға ұсыныс білдірген азаматтармен отбасындағы ата-ана мен баланың өзіндік орны,отбасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы құндылықтары туралы «Шаңырағымыз биік болсын!» тақырыбында акция өткізді. Акция барысында әңгіме жүргізіліп, ерлі-зайыптыларға неке куәлігі мен кітапшалар таратылды.Қ.Рысқұлбеков саябағында көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған «Ұлт болашағы – аналардың қолында» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Әйел — отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының «Ел анасы» кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Камиляш Ахметжанова, «Бір тігін машинасының тарихы» тақырыбында жеке кәсіпкер, «Дана-Дель» тігін шеберханасының негізін қалаушы, «Шеберлік мекені» Жамбыл облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы,  2020 жылы «Алтын сапа» сыйлығының «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреаты Бақыткүл Тоқтыбаева, «Өз-өзіңе сену – қиыншылықтарды шешу жолы» тақырыбында Халықаралық Тараз инновациялық институтының Трансформация офисінің басшысы, Халықаралық эриксон мектебінің коучі Салтанат Телеуова, «Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу» тақырыбында жеке кәсіпкер, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының жас кәсіпкер қанатының жетекшісі Айдана Укиева, «Берекелі әйелдің сырлары»тақырыбында практик-психолог, коуч, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар және адамның өзімен қарым-қатынасы бойынша сарапшы, көпбалалы ана Аида Әбдіқадырова сөз сөйледі.

Тараз қаласына тұңғыш рет «FoodFest-Taraz»  фестивалі өткізілді. Бұл байқауда өз кәсібін жаңадан бастаған азаматшаларды  және көп балалы аналарды қолдау, әр этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарын, дәмді тағам дайындау дәстүрлерін насихаттау, жастар арасында сұранысқа ие мамандыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталмыш фестиваль Тараз қаласы әкімдігінің және «Жамбыл облысының іскер әйелдер Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.Тараз сервис және технология колледжінің  өндірістік базасында «FoodFest-Taraz» фестивалінің  салтанатты ашылуы мен конкурстық тағамдарды дайындау ұйымдастырылып, оған 24 қатысушы қатысты. Байқауда 4 номинация бойынша тағамдар дайындалды (қазақ, түрік, өзбек, дүнген ұлттық тағамдары).Сондай-ақ «Жеңіс» саябағында  кешкі  «FoodFest-Taraz»  қатысушыларын  марапаттау рәсімі, жәрмеңке және концерттік бағдарламасы өткізілді. Байқау қатысушыларына дипломдар (1, 2, 3 орын) және әр номинация бойынша ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ағымдағы жылдың 5 айындағы жұмыс тобына келіп түскен 425 сот ұйғарымы бойынша 182 ерлі-зайыпты қайта қосылды, 89-ы ажырасты, 129 ерлі-зайыптыға қатысты сот шешімі шықпаған, 25 ұйғарым қаралымда.

АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша 2021 жылы отбасын құрғандар саны -1566, оның ішінде 58 шетел азаматы. Некесі бұзылғандар саны — 257, сот органдары арқылы- 135, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімшесі арқылы 122 ерлі-зайыптының некесі бұзылған.

Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмысты оңтайландыру мақсатында жұмыс тобының ұсынысымен қалалық соттың ғимаратында психолог А.Мырзатаева әр аптаның сейсенбі күні  некені бұзуға ниет білдірген  ерлі -зайыптылармен сұхбат жүргізуде.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен       Тараз қаласы әкімі аппаратының «Азаматтардың хал актілерін тіркеу» бөлімшесінде  отбасы мәселелері жұмыс тобының мүшесі А.Мырзатаева (психолог) некеге тұруға ұсыныс білдірген азаматтармен отбасы құндылықтары мен отбасы бірлігінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында әр аптаның дүйсенбі күндері сұхбат жүргізуде.  Атап айтқанда, өткен жылы некеге тұруға ұсыныс білдірген 45 азаматтармен, биыл 8 азаматтармен сұхбат жүргізілді.

2021 жылы отбасы  құндылықтары мен отбасы бірлігінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында мектеп оқушылары мен колледж білімгерлерімен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында  6 тренинг және мектеп оқушыларының ата-аналарымен  ZOOM платформасында онлайн жиналыс өткізілді.

2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде «Отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасына қаражат бөлініп, «Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» Жастар қоғамдық бірлестігімен шарт жасалды.

2021 жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын ақпараттық қолдау бойынша қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 35 мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасындағы отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті ілгерілету мақсатында қаланың орталық көшелерінде 2 баннер орналастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Ұлана Сламбекова,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.