Шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар

0

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қала кәсіпорындары 161 млрд. 814,0 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2020 жылы – 135 538,8 млн. теңге), физикалық индекс көлемі 106,3 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 26 млрд. 275,2 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (365,1 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 443,2 мың теңге болып қалыптасты (2020 жылы – 376,8 мың теңге).

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

— өңдеу өнеркәсібінде 126 млрд. 143,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 105,6% құрады (2020 жылы  – 106 052,0 млн. теңге);

— кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 511,0 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 106,0% құрады (2020 жылы –  414,6 млн. теңге).

— электрмен жабдықтау, газ беру саласында 32 млрд. 873,6 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 108,4% (2020 жылы – 27 399,7 млн. теңге);

— сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 2 млрд. 286,3 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 123,2%-ды құрады (2020 жылы  – 1 672,4 млн. теңге).

Есепті кезеңде ауылшаруашылық саласында 860,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады (2020 жылы – 755,8 млн. теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 724,6 млн. теңгеге (2020 жылы – 659,0 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 85,6 млн. теңгеге (2020 жылы – 39,7 млн. теңге) өнім өндірілген.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі                      46 млрд. 298,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 116,6% құрады  (2020 жылы – 38 513,0 млн. теңге).

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 114 млрд. 509,6 млн. теңге (2020 жылы – 106 102,5 млн. теңге)немесе  нақты көлем индексі 100,9% құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 97 млрд. 657,9 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 108,8%-ға орындалды (2020 жылы – 84 299,3 млн. теңге).

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында инфляция деңгейі 4,6%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 5,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,6%-ға,  ақылы қызметтер тарифі – 3,9%-ға өскен).

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке 35 млрд. 765,9 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 116,5%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет 10 млрд. 365,9 млн. теңге немесе 103,6%-ға, жергілікті бюджет – 25 млрд. 400,1 млн. теңге немесе 122,8%-ға. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджет – 11 млрд. 082,1 млн. теңге немесе 111,8%-ға, ал қалалық бюджет 14 млрд. 318,0 млн. теңге немесе 132,9%-ға орындалды.

2021 жылдың 1 шілдесіне қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 100%-ды құрады, төлемдер жоспары 34 млрд. 508,0 млн. теңге болса, игерілуі  34 млрд. 501,7 млн. теңге, немесе игерілмеу – 6,3 млн. теңгені құрады (2020 жылы – 14,6 млн. теңге игерілмеген немесе 100 пайызды құраған).

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 664,8 млн. теңгеге 5603 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2518 отбасының 10072 адамына 70,0 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 3085 отбасының 14389 адамына 594,8 млн. теңгеге жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. (1001 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 2140 отбасына шартты ақшалай көмек).

Есепті кезеңде 1-3 жас аралығындағы 1651 бала 7689 дана азық-түлік топтасымен, 3-6 жас аралығындағы 1599 бала 7366 дана азық-түлік топтасымен қамтамасыз етілсе, 3259 бала тұрмыстық химия тауарларының жиынтығымен «Magnum» ЖШС-і арқылы қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 5 751 азамат қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адам (жылдық жоспар 25 адам немесе орындалуы 120,0 пайыз), жастар тәжірибесі бойынша 156 адам (жылдық жоспар 200 адам немесе орындалуы 78,0 пайыз), қоғамдық жұмыс орындарына 846 адам (жылдық жоспар 896 адам немесе орындалуы 94,4 пайыз), гранттар беру бойынша 500 адам (жылдық жоспар 500 адам немесе орындалуы 100 пайыз), «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту 900 адам (жылдық жоспар 885 адам немесе орындалуы 101,7 пайыз), шағын несие беру бойынша 19 адам (жылдық жоспар 36 адам немесе орындалуы 52,9 пайыз), алғашқы жұмыс орны бойынша 10 адам(жылдық жоспар 10 адам немесе орындалуы 100 пайыз), инфрақұрылымдық жобалар бойынша 4 адам (жылдық жоспар 253 адам немесе орындалуы 1,6 пайыз),тұрақты жұмыс орындарына 3009 адам (жылдық жоспар 3982 адам немесе орындалуы 75,6 пайыз),қысқа мерзімді кәсіптік курстар271 адам (жылдық жоспар 300 адам немесе орындалуы 90,3 пайыз) және жоспардан тыс шағын несие беру бойынша 6 адамжұмысқа орналасқан.

Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 7442 адам өтініш білдірсе, оның 4041 адамы жұмыспен қамтылды немесе 54,3 пайыз (2020 жылы 4602 адам өтініш беріп, 3691 адам жұмыспен қамтылды немесе 80,2%).

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызды құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. Ең төменгі күн көріс деңгейі 33 976 теңге (2020 жылы 29 216 теңге), орташа номиналды айлық жалақы 170 765 теңгені (2020 жылы 157 012 теңге)құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20 млрд. 453,6 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 116,8%-ды құрады (2020 ж. – 17 136,3 млн. теңге).  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 317,3 млн. теңгеге артып отыр.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 147,5 мың шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 118,4 пайызға орындалды (2020 жылы – 124,6 мың шаршы метр).

Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1 853 бірлікті  құрап, өткен жылдың деңгейінде қалып отыр (2020 жылы – 1825). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 50,7 промильді құрайды (2020 жылы 50,7 промиль). Ал, орташа медициналық  қызметкерлер саны  6 491 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 129 бірлікке өскен (2020 жылы – 6 362), қамтылу көрсеткіші 177,8 промильді құрайды (2020 жылы – 176,6 промиль).

Есепті кезеңде  ана өлімі тіркелмеген (2020 жылы – 1 оқиға).

Нәресте өлімі 41 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10 оқиғаға өсіп отыр.

Түберкулезбен ауырғандар саны 91 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмендеген (2020 жылы – 97 адам). Туберкулез ауруынан 3 адам қайтыс болған (2020 жылы – 6 адам).

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында құқық қорғау саласында қала көлемінде жалпы әр түрлі 1624 қылмыс тіркеліп(2020 жылы – 1636), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 0,7 пайызға төмендеген. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 9,3 пайызға (472-ден 516-ға)өскен. Ал, жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 23,9 пайызға (67,4%-дан 63,8%-ға)азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 3,6 пайызға (63,2%-дан 61,0%-ға)төмендеп отыр.

Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 35,9 пайызға төмендеп, 25 деректі  құраған (2020 жылы — 39 дерек).

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 6,2 пайызға төмендеген (210 деректен 197 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 274 адамды құрап 11,9 пайызға төмендесе (2020 жылы 311 адам), ал кісі өлімі 14 адамды құрап 27,3 пайызға өскен (2020 жылы 11 адам).

Нұрбол Әкек,

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.