Алғашқы жартыжылдықта 47 мыңға жуық қызмет көрсетілді

0

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі, әкім аппараты, жұмыспен қамту орталығы және 7 әкімдік бөлімдерімен 2021 жылдың 6 айында мемлекеттік тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 56 түрі көрсетілді.

 (АХАТ бөлімшесі-(8), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар-14, халықты жұмыспен қамту орталығында – (5) — (жалпы-19), тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары-(5), тұрғын үй қатынастары–(4), сәулет, және қала құрылысы-(4), жер қатынастары-(9), дене шынықтыру және спорт – (1), ауыл шаруашылығы бөлімдері-(4), 2020 жылдың қараша айынан бастап Тараз қаласы әкімі аппараты – (2)- мемлекеттік қызмет көрсетеді (Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату)).

Тараз қаласында 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша,  46 847 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

оның ішінде:

қағаз түрінде 8 758,  18,6%-ды құрайды, оның – 8 522-і жеке тұлғаларға,  236-і заңды тұлғаларға;

электронды түрде38 089,  81,4%-ды құрайды, оның – 37 595–і жеке тұлғаларға, 494-і заңды тұлғаларға, (мемлекеттік корпорация арқылы24 903,  53,3%-ды құрайды, оның ішінде жеке тұлғаларға – 24 726, заңды тұлғаларға – 177, электронды түрде13 186,  28,1 %-ды құрайды, оның – 12 869–і жеке тұлғаларға, 317 -і заңды тұлғаларға).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 3 469, оның ішінде:

— жеке тұлғаларға – 3 458, оның – 2 234-і электрондық веб-портал арқылы,  1 224-і қағаз түрінде.

— заңды тұлғаларға – 11, оның – 11-і қағаз түрінде.

Өткізілген іс-шаралар саны 257.

Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілу пайызы 2021 жылдың 6 айында 81,4% құрап отыр, ал 2020 жылдың 6 айында 76,2% пайызды құраған.

Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын  қамтамасыз етудің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, Тараз қаласы әкімінің «www.gov.kz» ресми сайтына,  Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне видео–роликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді.

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған, жауапты мамандар бекітілген.

2021 жылғы мамыр айында «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қағидалардың бизнес-процесстерінің сақталуы және  «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру бойынша  2021 жылға арналған семинар-кеңестерді ұйымдастыру іс-шараларының жоспары» бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.

 Сонымен қатар, 2021 жылдың ІІ тоқсанында әкімдік бөлімдермен электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру үшін, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау және қолжетімді нысанда көрсетілу тәртібі туралы бейнероликтер әзірлеп, бейнематериалдар әлеуметтік желілер арқылы жергілікті тұрғындардың назарына ұсынылды.

Қала әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №132-ө өкімімен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес 6 айда 4 әкімдік бөлімінде қаңтар айында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт  бөлімінде, ақпан айында Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде,  наурыз айында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы  бөлімінде және мамыр айында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде бақылау іс-шаралары жүргізілді.

6 айда ішкі бақылау нәтижесі бойынша жіберген кемшіліктері үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттама топтамасы толық болмай қызмет көрсеткені үшін жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Жолдыбаеваға «ескерту» түріндегі және тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Н.Молдағазыға «ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.

2021 жылғы мамыр айы бойынша ХҚКО ЫАЖ Мониторинг жүйесінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген талдау кезіндегі түсірілім нәтижелері бойынша: Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметін алу үшін жүгінген 2 өтінімдердің мерзімін 3 күнге кешіктіріліп орындағаны үшін, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше атқармағаны үшін «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Автомобиль жолдары» секторының жауапты бас маманы М.Дүйсенбіге «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Б.Сариев,

Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.