Жекешелендіру – Қазақстанның дамуына арналған объективті қажеттілік

0

Еліміз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен бірқатар экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Реформалау бағытындағы бірден-бір негізгі кезеңдердің бірі мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бағдарламасы болды.

Жекешелендіру бағдарламасының басты мақсаты – мемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға шығару және  жеке меншік инвесторларды тарту есебінен Қазақстан экономикасының  тиімділігін арттыру.

Соңғы жылдар бәсекелестік саясатын дамытудағы сындарлы сәт болды. Өйткені, дәл осы кезеңде заңнаманы ырықтандыруға, оның ішінде антимонополиялық реттеуді жеңілдетуге бағытталған реформалар қабылданды.

ҚР Президентімен 2014 жылғы қаңтардың ортасында Жекешелендірудің кешенді бағдарламасы қабылданды. Халыққа жолдауында ол мемлекеттік қатысумен барлық компаниялар мен ұйымдарды талдауды өткізуді және жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізбесін айқындауды тапсырды.

Бағдарлама Сингапур үкіметінің «YellowPagesRule» принциптерінде негізделген. Оның мәні бәсекелестік ортаны қолдауға,  мемлекеттік компанияларға еншілес құрылымдарды құруға шектеу қоюға және бизнес жанданған  экономика  салаларына  мемлекеттің араласуына жол бермеуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсанындағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері» №908 Қаулысына сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарларының жол картасы бекітілді.

Объектілер мен активтерді жүзеге асыру механизмінің ашықтығын жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (gosreestr.kz) электрондық сауда алаңы арқылы оларды сату туралы шешім  қабылданды.

2021-2025 жылдардағы Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде Тараз қаласы бойынша «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС (90%), «Жасыл ел – Тараз» ЖШС (100%),  «Жамбыл – Су» МКК (мүліктік кешен)  жекешелендірілуі міндеттелген.

Жоспарға сәйкес, «Жамбыл Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-н бәсекелес ортаға беру бойынша сауда-саттық ағымдағы жылдың 14 маусымда өткізіліп, сауда-саттықтық қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 13,3  млн. теңге түсіп отыр.

Бекітілген кесте бойынша «Жамбыл – Су» МКК (мүліктік кешен) 2022 жылдың 1 желтоқсанында және «Жасыл ел – Тараз» ЖШС (100%)  2024 жылдың     8 шілдеде жекешелендіруі жоспарлануда.

 Ж.Паримбеков,

Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.