Зиянды заттармен күрес күшейді

0

Тараз қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу, нашақорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Тараз қаласында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыспен және нашақорлық, есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның 2 отырсы өткізіліп, жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттайтын, белсенділігін арттыратын бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылды. Атап айтқанда:

Жастар ресурстық орталығының 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес жастар арасында есірткі, уытты заттарды тұтыну және нашақорлықтың алдын алу мақсатында барлығы 3 кездесу, 4 семинар, 3 дискуссиялық алаң, 1 дөңгелек үстел, 2 байқау, 1 конференция, 6 спорттық жарыс, 1 жастар акциясы, 1 бейнеролик түсіріліп, қамтылғандар саны 975-тен аса жасты құрады.

Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастарға, облыстың оқу орындарында ересектердің өмір сүруі ретінде есірткіні терістеу қалыптастыру мақсатында синтетикалық есірткі құралдарын таратумен айналысатын 30 ғаламтор-сайттары анықталды. («Работа @ ТРЗ, СП Мука КРИС, @SoltanTRZ, OPG88, чат Goods_Speed,GAGARIN_WORK, Оазис Тараз, Галактики Туз, Туз Галактики бот» және т.б.). жергілікті полиция қызметі және «Жасыл ел Тараз», «Тараз жастары» бірлестігінің қатысуымен 350-ден астам граффити жазулары жойылды.

Сонымен қатар, қалалық полиция басқармасымен түнгі уақытта алкоголь өнімдерін зансыз сату (ӘҚБтК-тің 440- бабы) 2021 жыл мамыр айында 639 факт.  (ӘҚБтК-тің 505- бабы) 2021 жыл мамыр айында 781факт. (ӘҚБтК-тің 204- бабы) 2021 жылы 244 факт.  (ӘҚБтК-тің 434 бабы) 2021 жылы  мамыр айында 564 факт анықталған.

Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы тарапынан тізімдік есепке қойылған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, оның ішінде:

— тұрғылықты жері бойынша тексеру және көршілерден сұрау;

— апта сайын алдын алу әңгімелерін өткізу яғни әр аумақта яғни Тараз қаласы ПБ, 1-ПБ 2-ПБ өз учаскелік  инспекторлары аумақтарында  жиындар жүргізілуде.

Гүлшат Айтбаева,

Тараз қаласы әкімдігінің құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.