Тұрғындар өтініштеріне уақытылы жауап берілуде

0

2021 жылдың І жартыжылдығында Тараз қаласы әкімінің аппаратына 7608 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 6924 өтініш, заңды тұлғалардан 684 өтініш.

Түскен өтініштердің ішінде  334 өтініш қанағаттандырылған, 256 өтініш қанағаттандырудан бас тартылған, 1278 өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілсе,  4 өтініш қараудан қысқартылған, 5736 өтініш қарасты мекемелерге өз құзыреті шегінде қарастыру үшін жолданды .

Қала әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы 618 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қала әкімінің аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған өтініш берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген   5315 талон   берілген.

Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 5 өтініш түсіп, барлығына түсініктемелер берілген.

Тараз қаласы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.