Абай ескеркішіне гүл шоқтары қойылды

0

Таразда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, жиналғандар Абай атындағы кітапханаға бас сұғып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін қосыла шырқап, ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.

ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Айгерім Ерубаеваның айтуынша, аталған шара хакім Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген.


— Абай күнін мерекелеуді ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы зор қуанышпен қабылдады. Мекеме ұжымы ұлы хәкімнің туған күнінің мерекеленуінің өзі Абайға, қазақ халқына, ұлт руханиятына көрсетіліп отырған құрмет деп біледі. Сол себепті, артында өшпес мұра қалдырған ойшылдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында арнайы шара ұйымдастырылды, — деді әділет капитаны.

Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.