Жамбылдықтар күл-қоқысты ғарыштан түсіріп анықтайды

0

Қазіргі таңда күл-қоқысты анықтаудың түрлі әдістері қолданысқа еңгізілген. Кез келген аймақтағы жөнсіз көрініс ғарыштық түсірілім арқылы тиісті мекемеге, округтерге жіберіледі.

Бізге берген сұхбатында ғарыштық түсірілімге еңген қалдықтарды қалай реттеліп жатқаны туралы айтқан Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еркебұлан Көмекбаев:

— «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның елді мекендер маңындағы стихиялық қоқыс үйінділерінің ғарыштық мониторингі бойынша Жамбыл ауданында 48 рұқсатсыз орналасқан қоқыстар анықталған болатын.
Осыны реттеу мақсатында аудан көлемінде ауылдық округ әкімдерімен және аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қалдықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге 44 ретсіз қоқыс орындары тазаланды және геопарталдан толықтай жойылған.
Қалған ретсіз қоқыстар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл — бақылауда, — дейді Еркебұлан Қуанышұлы.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.