Құрметті аудан тұрғындары!

0

Өңірдің эпидемиологиялық ахуалы күннен күнге күрделеніп, індеттің таралу қарқыны үдеп барады.

Өкінішке орай, соңғы бір тәуліктің ішінде елімізде қаншама жан осы індеттен көз жұмды.

Олар біріміздің аға-бауырымыз, біріміздің апа-қарындасымыз, анамыз.

Осы жағдайды көзбен көре тұра, біріміз түрлі қауесет таратып, елді адастырсақ, көбіміз соған сеніп, вакцинадан бас тартудамыз.

Бұл індетпен әлем күресіп жатыр. Аман қалудың бірден бір жолы — вакцина деп ұйғарды. Ендеше, біз неге вакцинадан бас тартуымыз керек?

Барша аудан тұрғындарын
сақтық шараларды сақтап, той-садақадан бас тартуға және
бұл індеттен аман қалудың бірден бір жолы — вакцина алуға шақырамыз!

Өз өміріңізді және жақындарыңызды сақтап қалу үшін, вакцина алыңыз!

Осындай түсінік жұмыстары Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің тікелей бақылауымен қарқынды жүруде.

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.