Жол бойында тежегіштер орнатылды

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түру, шешілу жолдарына жедел ықпал ету Жамбыл ауданында жүйелі жолға қойылған десек, төмендегі ақпарат осы сөзімізді салмақтай түссе керек.
Тараз-Бесағаш-Гродекова автожолының бойындағы Тараз қаласы мен Гродекова ауылының қиылысына жылдамдық тежегіш (лежаюший полиция) қойылса деген тұрғындардың ұсынысын назарға алған Бесағаш ауылдық округінің Бейбіт Нигматуллаев қиылыстың екі жағына жылдамдық тежегішті орнатты. Ауыл әкімі Бейбіт Сұңғатұлының айтуынша, алдағы уақытта көлік иелеріне көру бағыты анығырақ болуы үшін жол жегіндегі біршама тал-дарақ кесіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.