1882 ЖЕР ТЕЛІМІ КЕЗЕКТІЛІКПЕН БЕРІЛУДЕ

0

2021 жылы кезекте тұрған 11 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында 7 елді мекеннің яғни Айшабибі, Бірлесу-Еңбек, Бектөбе, Қызылқайнар, Аса, Тастөбе, Ш.Ниязбеков ауылдарында жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ жүргізуге 2,5 млрд теңге бөлінді.

Нәтижесінде 1 882 отбасына жер телімі беріледі.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, кезектіліп тәртіппен үлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.