Қатерлі індетпен күрес қарқынды

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырған болатын.

Жолдаудың 6-шы бөлімінде, денсаулық сақтау саласын дамыту туралы,пандемиядан туындаған дағдарыс дәрігердің жұмысын бағалауға үйретті, мамандықтың маңыздылығы материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек делінген.Еларасында көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Шу ауданында бірқатар ілкімді істер атқарылуда.

COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсірді. Осы кезеңде саладағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Шу ауданы бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы тұрғындарды екпемен қамту «Ашық» бағдарламасын енгізу, медициналық ұйымдарды техникамен қамтамасыз ету сондай-ақ мониторинг топтар құрып мейрамханалар мен дүкендерде т/б көпшілік орындарға рейіттік жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнде аудан бойынша арнайы құралған 5- мониторинг топ жыл басынан шілде айының аралығында 151-рейд ұйымдастырылған.Жұмыс нәтижесінде 701-нысан тексеріліп, 86-заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде, 10 нысанға ескерту беріліп, 81-тұлғаға (75- жеке тұлға,2-лауазымды,4-жеке кәсіпкер)-ге 5,58 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.Оған қосымша 4-құжат айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.