«Коронавирустан болған өлімді жасырмақ болған»: Алматыдағы әлеуметтік қызмет орталығында жанжал шықты

0

Алматыдағы “Демеу” әлеуметтік қызмет орталығында тағы да жанжал шықты. Өткен аптада орталықта көз жұмған ер адамның коронавирустан қайтыс болғаны туралы айтылуда

Ер адам өткен сенбіде көз жұмған. Оқиғадан кейін ер адамның коронавирустан қайтыс болуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Науқаста коронавирустың дельта штаммында болатын іш ауруы, жүрек айну, құсу белгілері болған.

“Осыған дейін ер адам созылмалы пиелонефрит, холецистит, ишемиялық жүрек ауруы болған. Науқасқа ішек өтімсіздігі бойынша екі рет ота жасалған. Өлімнің алдын ала себебі бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі”, – деп мәлімдеді “Демеу” әлеуметтік қызмет орталығының бас дәрігері Қарлығаш Беккулова.

Қазір ер адамның неден көз жұмғаны белгісіз. Марқұм вакцинаның алғашқы дозасын қабылдағаны анықталды.

Орталық жалған ақпарат таратқандарды сотқа береміз деп отыр.

“Біз шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа арызданамыз”, – деп мәлімдеді орталықтың әлеуметтік қызметтер бойынша директоры Данипа Искакова.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.