Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті

0

«Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы Луговая бекетінде ер адам пойыз бен перрон арасындағы саңылауға түсіп кетті

Кезекті патрульдеу кезінде көліктегі полиция қызметкерлері жолаушыны құтқарып қалды. Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде ер адам өзінің абайсыздығынан «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы пойызға кешігіп келді.

Пойыздың жүріп кеткенін көрген ол, есікті қаға бастаған. Полицейлердің ескерту ретінде жасаған ысқырығына мән бермеген ол, абайсызда пойыз бен перрон арасындағы саңылауға құлап кетті.

Пойыз шұғыл түрде тоқтатылып, тәртіп сақшылары оны пойыздың астынан шығарып алды. Тексеру барысында полицейлер 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын анықтады. Ол алкогольдік мас күйінде болған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жолаушы «орташа дәрежеде» мас күйінде болған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша “алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну” бабы бойынша бірден 2 әкімшілік хаттама жасалды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы “Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу” бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.