Айжан Байзақова баласының әкесімен айырылысты

0

Атышулы блогер Айжан Байзақова ұлының әкесімен айырылысқанын мәлімдеді. Үш жылға жуық жігітпен кездескен Айжан қарым-қатынасты қаламайтынын жеткізді

«Қарым-қатынаста болуды қаламайды екенмін. Үш жылдан кейін ресми түрде басымның бос екенін мәлімдеймін», – деп жауап берді Айжан Stories-те оқырманның сауалына.

«Мен тұрмыста болған емеспін. Тек үш жылдан аса жігітпен кездестім. Соңғы жарты жылда миым ешқандай қарым-қатынас қаламайтынын түсінді.

Оны сіздерге көрсетпесем де, қарым-қатынасымыз туралы айтпасам да, уайымдап жүргендеріңізді көріп жүрмін. Бірақ менде бәрі жақсы, Алан екеуінің арасы өзгермейді”, – деген Байзақова ұлы мен әкесінің арасына түспейтінін жеткізді.

“Алан әкесіз қалмайды (менен қарағанда, бала үшін көбірек уайымдайтын сияқтысыздар)», – деп түсіндірді ол.

 

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.