«Егіз лебіз» шоуы көмектесті»: Әлия Әнуарбек күйеуінің қазасынан кейін қалай ес жиғаны жайлы

0

Актриса Әлия Әнуарбек күйеуінің қазасынан кейін қалыпқа келуге не көмектескенін айтты

Instagram оқырмандарының бірі Әлиядан:

«Сүйікті адамыңнан айырылғанда, қалай төзуге болады?», – деп сұраған. Оған актриса:

«Барлық адамға көмектесетін рецепт бергім-ақ келеді, бірақ ондай рецепт жоқ.

Өзіңмен көп жұмыс істеу керек. Бастысы, өзіңізді тыңдай білу, эмоцияны тұншықтырмау. Оларды дер кезінде сезінуге мүмкіндік беру.

Маған «Егіз лебіз» шоуы, достарым мен туыстарымның қамқорлығы, балаларым қатты көмектесті. Қазіргі таңда «Ұлы дала таңы» тарихи жобасына түсіп жатырмын. Көңілімді басқа жаққа бұруға тырысамын», – деп жауап берді Әлия.

Екі баламен жастай жесір қалса да, Әлия әрбір сәтін бағалауға тырысады.

«Мен де Азамат сияқты өмірді сүйемін. Сондықтан да екеуміз бір-бірімізді таптық, бақытты болдық. Бүгінгі күнмен өмір сүруге тырысу, қабылдау, көну», – дейді өзі.

Әлияның жолдасы Азаматқа деген махаббатты мәңгі жүрегінде. Ол әрі қарай өмір сүруге күш беретін де сол құдіретті сезім екенін айтады.

«Менің отбасым, өмірімнің мәні – балаларым бар. Бастысы, жүрегімде махаббатты сақтап қалдым. Алға қарай жылжуға маған сол көмектеседі», – дейді Әлия Әнуарбек.

Айта кетейік, Әлияның жары Азамат былтыр ауыр дерттен көз жұмды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.