Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевпен кездесті

0

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Ақ жол» демократиялық партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті «Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру ісіндегі рөлін ерекше атап өтті.

А.Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданатын шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.